Оралхан Дәуіт «Aulieata-media» ЖШС бас директоры болып тағайындалды
Дәуіт Оралхан Абдрашұлы еңбек жолын1996-1998 жылдары қалалық «Шымкент келбеті» газетінде жауапты хатшыболып бастаған. Сонан соң осы басылымда бөлім меңгерушісі, 1998-2004 жылдар аралығында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі, 2004 жылдың маусым-желтоқсан айларында республикалық «Түркістан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, 2004 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қаңтары аралығында республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, 2011-2012 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің бас редакторы, 2012-2014 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, 2014 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, 2017 жылдың қаңтар айынан республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі, 2017 жылдың наурыз айынан бастап республикалық «Жас Алаш» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылдың 9 маусымынан бастап Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарып келді.