Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО-дан шығуы туралы әңгімеге нүкте қойды

0 2 258

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форум барысында республика еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастыра беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Одақ осы міндетті ойдағыдай орындап келеді, деді ол.
«ЕАЭО күрделі геосаяси жағдайларда да өзінің тиімділігін көрсетті. ЕО сынды басқа ұйымдарда да проблемалық мәселелер туындайды. Өйткені әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүддесі жағынан қарайды. Бұл қалыпты жағдай. ЕЭК осындай мәселелерді шешу үшін құрылды. ЕЭК-ке қосымша өкілеттіктер беру керек пе? Біз, Қазақстан, асықпау керек деп есептейміз. Интеграция процесіндегі қиындықтарды драматизациялаудың қажеті жоқ, өйткені бұл қалыпты процесс. Қазақстан іскерлік негізде Еуразиялық интеграцияны қолдады және мұны жалғастырады», – деді Қазақстан президенті.
Тоқаев консультациялар нәтижесінде кедергілердің 80%-і жойылғанын хабарлады. Айтуынша, интеграция — бұл ымыраға келуді талап ететін процесс.
«Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияның аясында өтіп жатқан кеңестердің қорытындысы бойынша кедергілердің 80 пайызы алынып тасталды. Бұл жұмыс жалғасады деп үміттенеміз. Жалпы интеграция деген үлкен еңбекті қажет ететін үдеріс. Бұл – мүше мемлекеттердің бүкіл қатысушылардың көңіліне жағатындай негізде ымырада болуы. Қол жеткізілген келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді. Интеграцияның бір мәні осында», — деді президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның еуразиялық интеграция мәселесіндегі ұстанымына айрықша тоқталды.
«Ортақ іс үшін кейде өз мүддеңді түсіре тұруға болады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия іскерлік жолмен, нақты нәтижені көздеп жұмыс істегенін қолдайды. Кез келген мәселеге өте іскерлік бағытпен келу керек. Өйткені халқымыз мәселенің ұзын арқаумен шешілгенін күтіп отырмайды. Олар мәселелердің дәл қазір және келешекте өздері көргісі келетіндей етіп шешілгенін қалайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, Бішкекте бірінші Еуразиялық экономикалық форум өтуде. Қазақстан басшысы Қырғызстанның астанасында ресми сапармен барды. Оның барысында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екі республика арасындағы сауда көлемі алдағы жылдары 1 миллиарл доллардан 2 миллиард долларға дейін артады деп уағдаласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.