4 қойғаны үшін мұғалімді сотқа берген

0 752

Павлодарлық мектеп оқушысының анасы сотта бір пәннің бағасын қайта қараудан бас тарту туралы шешімге қарсы шыққан. Бұл туралы Павлодар облысының МАӘС баспасөз қызметі жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Сотта оқушының жартыжылдық қорытынды бағасы бойынша төрттік баға негізсіз қойылғаны анықталған. Сондай-ақ, 1 жыл ішінде оқушыға осындай баға қойылып келген екен.

Сот іске Білім және ғылым министрлігі өкілін қатыстырған. Министрлік өкілі бағалау орташа арифметикалық есеп бойынша қайта қаралуы қажет деп тапқан.

Ал сот тараптарды татуластырып, мектеп комиссия отырысында оқушының даулы бағасы қайта қарауға міндеттелді. Осылайша, сот баланың құқықтары мен мүддесін қорғады.

Айта кетсек, сот ісі екі тарап татуласқанына байланысты тоқтатылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.