100 жаңа оқулық: білім жаңғыруының бастауы

0 183

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «…гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз» деген талап қойды. Нысан –ұлттық сананы заманауи жетілдіру арқылы, жаңа ұр­пақтың тұлғалық іргетасын қа­лып­тастыру. Әлемдегі барлық ұлт өз білімінің шеңберінде ғана тоқтап қалмай, ортақ планетамыздың қарыштап дамуы жолында интеллектуалды әлеуетін бір арнаға тоғыстырып, жалпыадамзаттық игілікке бағыттауды көздейді. 100 жаңа оқулық – өзге мемлекеттің көрнекті өкілдері – ғалымдар мен оқытушылардың, өнертапқыштардың ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл оқулықтар – білімнің нағыз энциклопедиясы.

Жоба аясындағы жұмыстар Жамбыл жерінде де жалғасын табуда. Атап айтар болсақ, бағдарламаның «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында облыстың жоғары оқу орындары мен кітапханаларға 45 405 кітап келіп түсті. Олар – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне – 35 528, Халықаралық Тараз инновациялық институтына – 9 710, ал кітапханаларға – 167 кітап. Аталған кітаптар жоғары оқу орындарының электронды кітапханаларына енгізіліп, кітаптардың сандық үлгілері кітапханалардың веб-порталдарында орналастырылған. Қолжетімділігін арттыру мақсатында кітаптардың QR-кодталған тақтайшалары халық көп шоғырланатын облыс бойынша (Тараз қаласы мен аудандарда) 381 орынға орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылдың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша талдамалық баяндама, Бағдарлама аясында «Үздік жобалар жинағын» әзірлеу, өңірлік жобалық кеңселерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша алғашқы жұмыс аймақтағы іргелі оқу орны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен басталып,  Бағдарлама аясында дайындалған жобалар көрмесімен, сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан оқулықтармен, университеттің профессор-оқытушыларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында баспадан шыққан ғылыми еңбектерімен танысты. Содан кейін Бағдарламаның оқу ордасында жүзеге асырылу барысы мен перспективасы бойынша семинармен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.