Бағдарламаның жүзеге асуына басқармалар да үлес қосуда

0 225

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деген болатын. Мақала қазақстандықтарға Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа бастауына айқын бағытты көрсетті. Президент рухани жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, жаңғырудың маңыздылығын «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп, рухани жаңғырудың ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтеді.

Бұл ретте бағдарламаның облыстық басқармалар, жоғарғы оқу орындары, Тараз қаласы мен аудандарда іске асырылуы бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жамбыл — менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қызылорда, СҚО, БҚО, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан 18 айтыскер ақын қатысты. Олардың ішінде республикамызға танымал Бауыржан Ширмедин, Мейірбек Сұлтанхан, Айтмұханбет Исақов, Күміскүл Сәрсенбаева, Қанат Мырзахан, Дархан Әбдіманат сынды ақындар қатысты. Республикалық ақындар айтысы нәтижесі бойынша Бас жүлдені Батыс Қазақстан облысынан келген Бауыржан Ширмедин мен жамбылдық жыр жампозы Қанат Мырзахан бөлісті. I орынды Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Жарқын Жұпархан жеңіп алса, жүлделі II орынды  Шымкенттен келген Біржан Байтуов иеленді. Қарағандылық Айтбай Жұмағұлов, жерлесіміз Есет Досалы және Нұрс-Сұлтандық ақын Мейірбек Сұлтанха III орынға қол жеткізді.

Ал білім басқармасы тарапынан «Жомарт түлек» жобасы аясында қаңтар-наурыз айында 10551 оқушының қатысуымен 169 кездесу өтті. Сондай-ақ, түлектер тарапынан Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм,  Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласының 124 мектебіне және 7 ауылдық округке 31,6 млн.теңге арнайы стендтер, жалюздер, жиһаздар, спорттық құралдар, канцеляриялық заттар, сыйлықтар, музыкалық аспаптар мектеп оқушыларына спорттық киімдер алынып,  жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек берілді.

11 ақпан – 31 сәуір аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумы өтті. Оның мектепішілік  кезеңіне 164, аудан/ қала аралық кезеңіне 50, облыстық кезеңіне 46 және республикалық кезеңіне 10 оқушы қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.