“Бір апта жуынбаған адамыңыздың иісі сізге ұнаса, ол сіздің адамыңыз деген сөз” — Психолог
Психолог Серікгүл Сәли желіде тараған сөзінің мағынасын ашып берді. Исіне ғашық болып бас қосқандар ешқашан ажыраспайды дейді ол. Әйелдің екі күйеуі болу керек деген сөзін де түсіндіре кетті.
Бұл туралы маман Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.
Серікгүл Сәлидің “қыз бен жігіт таныспай тұрып иіскелесу керек” деген сөзінің мәнін түсіндірді. Психологтің айтуынша, егер жігітке қыздың иісі ұнаса, мейлі қай жерінің болсын сол қыздың иісі ұнаса, ондай жұптар мәңгі бірге болады. Сол секілді қызға да жігіттің иісі ұнауы керек.
“Бұрынғы кісілердің қай қайсысынан да сұрасаң, бәрі әйелімнің шашының иісіне, мойнының, денесінің иісіне ғашық болғам дейді. Ол мейлі әтір болсын, мейлі өз иісі болсын, егер иісі ұнаса, ол сіздің адамыңыз. Мәселен, бір адамның 1 апта жуынбай киген киімінің иісі сізге ұнаса, ол сіздің адамыңыз. Мұндай жұптар ешқашан ажыраспайды. Оған кепіл бере аламын. Сондықтан қыз-жігіттер кездесуде бір-біріңіздің иісіңізге мән беріңіздер. Үй-іші, қанша ағайынды, қайда оқисың, қайда жұмыс істейсің деген сұрақтардың түк керегі жоқ. Тіпті үндемей отырыңдар”, – дейді маман.
Психолог бір сұхбатында әйелдердің екі күйеуі болу керек деген пікірін айтқан еді. Енді оны түсіндіруге тырысты.
“Ер азаматтар екі әйел алғысы келеді. Оған әйел көну керек деп санайды. Егер солай санаса, әйелдің де екі күйеуі болу керек дегенді қабылдауы керек. Әйелдің екі күйеуі болуы мүмкін бе? Мүмкін емес. Яғни, еркектің де екі әйелі болуы мүмкін емес. Оны әйел қабылдай алмайды. Келіскен күннің өзінде мұны толығымен қабылдау, мойындау мүмкін емес. Қазір көзі ашық әйелдер күйеуіне тоқал алуға рұқсат етеді деп ойламаймын. Қазір әйелдер басқа. Түсінігі басқа. Әйел тәуелді емес. Теңдік болу керек. Егер төсекте қаласама, күйеуіне көндігудің керегі жоқ. Оған қаламай тұрғанын айту керек”, – деді маман.
Ақпарат көзі: Stan.kz