Назарбаевтың тағы 2 туысы «Forbes-те» бай адамдардың көшін бастады

0 651

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева, жиен немересі Нұрәлі Әлиев және күйеу баласы Тимур Құлыбаев Қазақстанның ең бай адамдары тізімінде тұр.

Forbes журналы Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің жаңа рейтингін дайындады.

Әдеттегідей рейтингті 5 миллиард доллар байлығымен Владимир Ким бастады.

Екінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев тұр.

2022 жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша Тимур Құлыбаев Forbes-тің ғаламдық миллиардерлер тізімінде 780-орынға ие болды. Өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкердің байлығы 1 миллиард долларға өсіп, 3,9 миллиард долларға жеткен.

 

Forbes рейтингінде үшінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева.

Оның байлығы бір жыл ішінде 1 миллиард долларға өсіп, 3,9 миллиард доллар болды. 2022 жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша ол Forbes-тің нақты уақыттағы миллиардерлердің жаһандық рейтингінде 780-орынға ие болды.

Төртінші орында бір жылда дәулеті 1 миллиард долларға азайған Вячеслав Ким.

Бесінші орында Михаил Ломтадзе. Бір жыл ішінде оның байлығы 900 миллион долларға азайған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева да рейтингке қайта оралды.

Оның байлығы 584 миллион долларға бағаланады.

Дариға Назарбаева ұлы Нұрәлі Әлиевпен бірге «Европа плюс Қазақстан» ЖШС-на иелік етеді, ол арқылы «Radiocity» телерадиокомпаниясы» ЖШС және «Тәуелсіз телеарна» ЖШС (НТК телеарнасы) акциялары бар.

Ол сонымен қатар «DLS Group Holding Company» ЖШС меншігіне ие, ол арқылы «Region-Media» ЖШС және «A-Service Management» ЖШС (Нұр-Сұлтан қаласындағы төрт жұлдызды «Думан» қонақ үйі) акциялары бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі, Дариғаның ұлы – Нұрәлі Әлиев рейтингте 26-шы орында тұр. Forbes оның байлығын 263 миллион долларға бағалады.

Нұрәлі Әлиев «Capital Holding Invest» ЖШС және «Дармен Холдинг» ЖШС тең иесі, «Транстелеком» АҚ мажоритарлық акционері.

Сондай-ақ, «Европа плюс Қазақстан» ЖШС, «Тәуелсіз телеарна» ЖШС, Дубайдағы (БАӘ) Donatello Hotels and Resorts, Алматыдағы Donatello бутик-қонақ үйі, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы бірнеше мейрамханалардың акцияларына ие.

Ол «Жаңарту» қайырымдылық қоры мен халықаралық «Қар барысы» қорының негізін қалаушы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтың бұрынғы күйеу баласы Ғалымжан Есенов 408 миллион доллар байлығымен рейтингте 19-орынға тұрақтады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев Forbes рейтингінде 41-орында.

Оның байлығы 160 миллион долларға бағаланады.

Нұрбол Назарбаев «Прайм Капитал Инвест» ЖШС мен «Үш Қоңыр Инвест Корпорациясы» ЖШС-нің иесі.

«PLS Investment and Construction Company» ЖШС, «PLS-TM» ЖШС-нің тең иесі («Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның негізгі акционері).

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев (2021 жылғы рейтингте №14) және Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды (2018 жылы №47) сол кезде рейтингтің төмен болуына байланысты тізімге енбей қалды. Оларға қатысты тергеуге жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.