Кәрім Мәсімовтың інісіне іздеу жарияланды

0 212

Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша)», — делінген хабарламада.

Антикордың хабарлауынша, осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялаған. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды. Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.

«Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деп хабарлады агенттіктен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.