Қайрат Сатыбалды осы жылдың жазында бостандыққа шығуы мүмкін

0 848

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың жазының соңында бостандыққа шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды kaz.orda.kz.

ҚазТАГ-тың дереккөзінің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдының ұстанымы – мемлекет өзіне талап етіп отырған дүние-мүлікті түгелдей тапсырып, қажетті соманы төлеу. Бұл сомалар мемлекетпен келісілген болса, онда ол барлық ақшаны, айыппұлды түгел төлеп, шілде-қыркүйек айларында бостандыққа шығуды көздеп отыр.

Еске салсақ, Сатыбалды бақылауындағы Alatau Capital Investments және Skyline Investment Company S.A компанияларына тиесілі «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 30 пайызға жуығын мемлекетке өткізген.

13 наурызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр.

14 наурызда «Қазақтелеком» кеңселерінде тінтулер жүргізілгені белгілі болды.

15 наурыз белгілі қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының рейдерлік әрекетке қатысы бар деген сұраққа жауап беруге уәде берді. 17 наурызда антикор Гүлмира Сатыбалданың бұрынғы күйеуінің ісі бойынша ұсталғаны туралы хабарлады. 19 наурызда ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Ол Шымкентте бюджеттің 747 млн теңгесін ұрлады деген күдікке ілінді.

23 наурыз Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағына жақын таулардан Сатыбалдыға тиесілі болуы мүмкін заңсыз салынған вилла табылғаны хабарланған.

4 сәуір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалданың бақылауындағы компания басшыларының ұсталғанын хабарлады.

12 сәуір Сатыбалданың фирмаларына тиесілі «Қазақтелеком» акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.