Маңғыстауда екі күн қатарынан құмды дауыл басылмай тұр

0 368

Бүгін, 6 сәуірде Маңғыстау облысында қатты жел мен құмды дауыл тұрды. Жүргізушілер қолайсыз ауа райын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Жүргізушілердің айтуынша, құмды дауыл салдарынан тасжолды көру мүмкін емес. Алайда полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық тасжол көлік қозғалысы үшін ашық.

Желідегі кадрлардан ауа райының көлік көзғалысы үшін кедергі екенін көруге болады.

Еске салайық, құмды дауыл Маңғыстауда екі күн бойы соғып тұр. Бұған дейін сәуірдің ортасында соққан. Ол кезде ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан, Ресей және Өзбекстан шекарасында 350-ден аса жүк көлігі тұрып қалды. Ал Маңғыстаудағы «Тәжен» өткізу бекетінде 150 жүк көлігінен ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

Lada.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.