«Құрманғазы гоп-стоппен айналысқан». Қайрат Әділгерей күй атасын мазақ етті

0 1 556

«Әзіл әлемі» театрының әртісі «Esquire otyrys» ютуб-арнасында әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «по-черному» жүргенін айтты.

Бұл видеоны белгілі кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила Facebook желісіндегі парақшасында бөлісіп, әзілкешті сынға алды, деп жазады Экспресс К.

«Esquire otyrys» ютуб-арнасында Қайрат Әділгерей Құрманғазының «разбойник» болғанын, «Исатай деген досымен» байларды тонаумен айналысқанын сөз етеді. Ал күй тарту әйгілі тұлғаның хоббиі ғана болған-мыс. Сондағы айтпағы — егер Құрманғазы туралы кино түсірілсе, тек күйшілігі көрсетілмеуі керек деген ой. Қазақша мен орысшаны араластыра сөйлеген қалжыңбасты Ахметбек Нұрсила сынап тастады.

Құрманғазы кім, Исатай кім және оларды «гоп-стопщик» деп, орысша-қазақша шатып отырған шегірке кім? Айналайын шегірткелер-ай, шырылдап жүре бермейсіңдер ме! Құрманғазы мен Исатайдың жағасына жармасқандарың қай сасқандарың?

—деп реніш білдірді кәсіпкер.

Желі тұтынушыларының бұл видео туралы пікірі екіге жарылды. Бірі «мұнда Қайрат шырақшыдан естігенін айтты, адамдарды шағылыстырып отырсыз» десе, енді біреулер «бұл сандырақтау біздің рухани мүгедек халіміздің көрсеткіші ғой», «Топастың сөзі ғой мынау», «бейшара, өзіңді кіммін деп ойлап отырсың?», «Жарыместі неге сұхбатқа шақырады екен?» деп жазды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.