Болат Назарбаевтың қызы миллиардтаған теңгеге мемтапсырыс алуда

0 5 586

Болат Назарбаевтың 21 жастағы қызы иелік еткен компания 47,2 млрд теңгеге мемтапсырыс алған. Бұл туралы журналист Мият Кәшібайдың телеграм арнасы хабарлады. 
«Tоlagai-2050» – бірнеше жылдан бері мемлекеттік органдардан ірі тендерлер алып жүрген жеке компания. Құрылыспен айналысады. Көбіне өзендер мен көлдерде түрлі құрылыс жүргізеді.
Қазір бұл компанияның басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Оразхан Жанысбеков деген адам. Ал 2020 жылдың желтоқсанынан 2022-нің 14 ақпанына дейін компания құрылтайшылараның бірі Ақбота Назарбаева болған. Ашық дереккөздегі ақпаратқа қарағанда, Ақбота – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың қызы.
Мемсатып алу порталының дерегінше, Болат Назарбаевтың 21 жастағы қызы иелік еткен «Tоlagai-2050» ЖШС 2018 жылдан бері 37 тендер ұтып алған. Олардың жалпы құны – 47,2 млрд теңге.
Ақбота Назарбаева ресми түрде компания құртайшысы атанардан бір ай бұрын, яғни, 2020 жылы қарашада «Tоlagai-2050» Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесімен 22,1 млрд теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл — компания тарихындағы ғана емес, Қазақстан тарихындағы ең ірі мемтапсырыстардың бірі.
Бюджеті 22,1 млрд теңге болатын келісімшартқа сәйкес, «Tоlagai-2050» Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ақсай өзеніне селді ұстап тұратын бөгет салуға тиіс.
21 жастағы Ақбота Назарбаева «Tоlagai-2050»-ден бөлек, тағы да бірнеше компанияға құрылтайшы. Солардың бірі – Шымкеттегі «Мирас» университеті. Назарбаева былтырғы мамырдан биыл биылғы ақпанға дейін осы университет құрылтайшылараның бірі болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.