Атырау облысының әкімі ауысты

0 755

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Махамбет Досмұхамбетов атқарған, деп хабарлайды kaz.orda.kz.

«Серік Жамбулұлы Шапкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын» делінген президент жарлығында.

 

Серік Шәпкенов 1979 жылы шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

  • Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы (2000-2001);
  • Батыс Қазақстан облысы әкімінің қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, БҚО әкімінің табиғатты пайдалану дирекциясының жетекші маманы (2001-2002);
  • БҚО әкімі аппаратының қаржы бөлімінің жетекші, бас маманы (2002-2006);
  • БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, басқарма басшысы, БҚО ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары (2006-2007);
  • БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары (2007 жылдан);
  • БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (09.2009-01.2012);
  • БҚО әкімінің орынбасары (01.2012-27.08.2012);
  • БҚО әкімінің бірінші орынбасары (27.08.2012-12.2014);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (01.2015-07.2016);
  • Атырау қаласының әкімі (07.2016-28.06.2018);
  • Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары (28.06.2018-05.2020);
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (06.2020-18.01.2021);
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (18.01.2021, 11.01.2022 бастап қайта тағайындалды).

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы мен Қызылорда облысының әкімдерін ауыстырған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.