Құда мен құдағиға қатысты «дәстүр» көптің талқысына түсті

0 884

Әйел мен ер адамның құдалықта елдің көзінше құшақтасып жер төсекте жатқанын көрсететін тағы бір видео тарады. Ол желіде қызу талқыланып жатыр.

Той қонақтары мәз болып, олардың үстілеріне көрпе жабуда, деп хабарлайды Экспресс К.

Видео Instagram-дағы Shyndykz парақшасында жарияланды. Бейнежазбада құдалыққа келген қонақтар құда мен құдағидың оғаш қылығына қарап мәз болып тұр. Ал төсекте жатқан екеу бір-бірін аймалауда.

Еш қымсынбастан елдің алдында аймаласқан құда мен құдағидың бұл әрекеті желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды.

«Қазақта бұндай салт-дәстүр жоқ. Ұят-ай», «Мынау ойнас көрпе екен. Масқара», «Қызылордада, Шымкентте осындай ырым бар. Қыздың жасауын әкелген кезде құда мен құдағиды көрпеге аунатады екен», — деп жазды желі қолданушылары.

Видеоның толық нұсқасы осы жерде тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.