«Памперсін ауыстырсаңдаршы…»: 70 жастағы қарияның тұсауы кесілді (ВИДЕО)

0 1 076

Instagram-дағы aktobe_tut парақшасына 70 жастағы қарияның тұсауын кесіп жатқан видео жарияланды деп жазды turkystan.kz.

Алайда, әзірге видеоның қай жерде түсірілгені, оның «Тәй-тәй» деген жазуы бар ақ жайманың үстімен жүргізілген кейіпкері кім екені туралы ақпарат жоқ. Ал оны көрген желі қолданушылардың пікірлеріне қарасақ, ешқайсысы бұл «салтты» жақсы қабылдамаған.

«Ай, қазағым-ай! Сонша байығанда ақшасын не істерін білмей жатыр ғой», «Памперсін ауыстырсаңдаршы, т…п қойған шығар», «Аузына соска жетпей тұр», «Құдай-ай, не болып барамыз, құрысын? Ақыр заман жақындап қалды ма? Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады деуші еді. Мынадан кейін не дейміз?» сарынындағы жазбалардан көз сүрінеді.

ВИДЕОНЫ ОСЫ ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР: https://www.instagram.com/reel/Cb4tggEJrg_/?utm_source=ig_embed&ig_rid=520dbdc0-ddc1-49d9-b017-3b54070202a5

Leave A Reply

Your email address will not be published.