Ел астанасында жойқын жарылыс болды, қаза тапқандар бар (Видео)

0 5 388

Әзірбайжан астанасы Бакудің орталығында орналасқан түнгі клубтардың бірінде күшті жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі haqqin.az сайтына сілтеме жасап.
«Алғашқы нұсқа бойынша, LocationBaku түнгі клубындағы жарылыс газдың шығу салдарынан болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны нақтыланып жатыр», — деп мәлімдеді Әзірбайжан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эхсан Захидов.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 24 жаралының оның ішінде — 13 ер адам және 11 әйелдің жедел жәрдеммен Бакудегі ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады. Жараланғандардың көпшілігі күйік жарақаттарымен түскен.
Haqqin.az жедел жәрдем қызметкерлеріне сүйеніп, түнгі клубта болған жарылыс салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның қаза тапқанын жазды.
Қайғылы оқиға орнында жедел-құтқару жасақтары мен төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі жұмыс істеп жатыр, олар жарылыс орнында өрттің алдын алған.
Сондай-ақ түнгі клубтың өз жұмысын екі апта бұрын ғана бастағаны атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.