Актер Жан Байжанбаевтың тікелей эфирдегі әрекеті жұрттың жағасын ұстатуда (ВИДЕО)

0 943

Қазақстандық тележүргізуші, актер Жан Байжанбаев таңғы бағдарламаның тікелей эфирінде журналиске соққы жұмсады. Актердің ұрған сәті видеоға түсіріліп, желіде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

«Таңғы STUDIO» бағдарламасы барысында тілші актердің үстінен қалжыңдады. Ал Байжанбаев оны ұрып жіберді.

Тілші “Оскар” сыйлығын табыстау кезіндегі Уилл Смиттің әрекеті жайлы айтты.  Актер салтанатты шарада “Оскар” жүргізушісін ұрып жіберген еді. Қазақстандық журналист Байжанбаевтың әлі “Оскар” алмағанын және мұның таңғалдырарлық жағдай емес екенін айтқан. Бұған ашуланған Байжанбаев студиядан шығып, тілші тұрған аймаққа барып, оны ұрып жіберді.

Даулы сәт хайп үшін қолдан жасалды ма әлде шынайы ма, ол жағы белгісіз. Бастысы, журналистке қатты зақым келмеген.

Видео осы сілтемеде: https://www.instagram.com/reel/Cbt97Hfg-5z/?utm_source=ig_embed&ig_rid=02d328a0-ea27-4a11-92eb-bdfb8cdf3c08

Leave A Reply

Your email address will not be published.