«Жастар тәрбиесінің негізі — ұлттық құндылықтарды насихаттауда» Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу

0 861

Қазақ қоғамында жастарға ежелден ерекше сеніммен қараған. Бүгінгі жастың ертеңгі ел ағасы болатынын естен шығармаған аға буын өкілдері тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана халқымыз бала тәрбиесінің бесіктен басталатынын меңзесе керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды». Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді жаңғыртудың негізгі бағдарлары көрсетілген. Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани жаңғырудың негізгі өзегі де осы ұлттық кодтың мәңгілік бойымызда сақталуы. Қазақ салт-дәстүр, әдет ғұрыпқа бай халық. Және әрбір ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызы жоғары.Ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұрпақты өнеге мен білімге, ізгілікке шақыруымен құнды. Дәстүр халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әдеуметтік-мәдени мұрасы. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі әр заманда тәрбиелеп отырған. Ол бұзылса қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады. Әрине, дәстүр қатып қалған өзгермейтін құндылық емес. Салт-дәстүрдің барлығы заманның ағымына қарай негізін сақтай отырып, толығып, өзгеріске ұшырайды. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілеріннасихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандырудың маңызы зор. Қазақ тұрмысында салт-дәстүрлер көпмәнді, және күнделікті тіршілікпен біте қайнасып, өмірдің әр жағдайына байланысты топтасып отырған. Сондықтан, бірінші кезекте салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың айырмашылығын білу маңызды. Салт-дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Әдеп-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдықтәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды. Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл. Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуын «әдет-ғұрып» деп атаймыз, ол оның біржолата өмір заңдылығына айналуы «салтдәстүр» деп аталады. Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етіп, ынтымақтастыққа шақырып отырған. Бүгінгі күні осындай игілікті Сондықтан, ұлттық рухани құндылықтардың мағынасын сақтай отырып, жаңа бағытта насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салт-дәстүрлерді таныту,тұрмыста салт-дәстүрлермен біте қайнасып, күнделікті тіршілігіміздің бір бөлігіне айналдырудың өзектілігі жоғары. Мақсаты: Ұмыт болған дәстүрлерді жаңғыртып, заманға сай түрлендіріп, халық арасында насихаттау барасында маңыздылығы мен тәрбиелік, патриоттық мәнін түсіндіру. Міндеттері: — ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту; — әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәнін халықтың бойына сіңіру; — ұлттық бірегейліСондықтан, ұлттық рухани құндылықтардың мағынасын сақтай отырып, жаңа бағытта насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салт-дәстүрлерді таныту,тұрмыста салт-дәстүрлермен біте қайнасып, күнделікті тіршілігіміздің бір бөлігіне айналдырудың өзектілігі жоғары. Мақсатымыз: Ұмыт болған дәстүрлерді жаңғыртып, заманға сай түрлендіріп, халық арасында насихаттау барасында маңыздылығы мен тәрбиелік, патриоттық мәнін түсіндіру. Міндеттері: — ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту; — әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәнін халықтың бойына сіңіру; — ұлттық бірегейлікті сақтау . Жастарымызға үлгі ретінде осындай іс-шаралар өткізуіміз керек: әлеуметтік желі. 1. dastur челлендж. Әр өңір, мекемелер желіде ұмыт болған бір дәстүрді жасап, басқа өңірге, басқа мекемелерге эстафета жолдану керек.Сол арқылы ұмыт болған салт-дәстүрлерді кең ауқымда насихаттауға болады. 2. Ұлттық дәстүр, киім, музыка, өнер бағытында жазатын блогерлерді ұйымдастырып, насихат жұмыстарына тарту; 3. Әлеуметтік желіде дәстүрді насихаттайтын парақшалар санын көбейтуге үлес қосу. Мәдениет, өнер саласы. 1. Ұлттық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру; 2. Ұлттық киімдер сән апталығын өткізу; 3. Жыраулар фестивальдерін ұйымдастыру; 4. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын театрлық қойылымдарды өткізу; 5. Ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, қазақтың қолданбалы, қолөнерін әлемге танытып жүрген жас суретшілерді, зергерлерді, шеберлерді мемлекет тарапынан марапаттап, ынталандыру жұмыстарын жүргізу. Кітаптар, мобильді қосымшалар. 1. Бүгінгі заманның бағытына сай, күнделікті тұрмыста қолдана алатын дәстүрлер жинақталған кітаптар шығару. Жинақ көпшілікке түсінікті, жеңіл тілде болуы тиіс.Күтілетін нәтиже : ұлттық рух, тәлім-тәрбиені дәріптейтін салт-дәстүрлер жаңғырады; — жас ұрпақтың, халықтың бойына әдет-ғұрыптар сіңеді; — ұлттық бірегейлік қалыптасып, құндылықтардың халық өміріндегі маңызы артады; — салт-дәстүрді білетін, әдет-ғұрыптарды сақтайтын жас ұрпақ қалыптасады және Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді. Қорытындылай келе ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.

Каленова Ұлжан Медербекқызы
Тараз қаласы әкімдігі
ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
жастар ісі жөніндегі инспектор

Leave A Reply

Your email address will not be published.