Армения Ресейден көмек сұрауда

0 3 744

Армения Ресейден Әзербайжанды артқа қайтқа көндіруге көмек сұрады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан 24 наурызда Аскеран ауданының Парух ауылында басталған Ресей Федерациясының бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағына басып кіруін жалғастыруда деп мәлімдеді.

«Кеше түнде басып кірген Әзірбайжан бөлімшелері қорғаныс армиясының бекеттеріне оқ жаудырды. Таулы Қарабақтағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр», – деп шағымданған армениялық дипломаттар РФ тарапының Әзербайжан қарулы күштері бөлімшелерін 23 наурыздағы орнына қайтаруға шаралар қабылдайтынына үміт артты.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі басшылары Шойгудың Қарабақтағы ахуалды тұрақтандыру бойынша әзербайжандық әріптесімен сөйлескенін жеткізді.

Еске сала кетсек, Ресейдің Украинаға ашқан соғысына 1 айдан асты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.