Қазақстан мен СБЕР арасында келісімге қол қойылмайды

0 614

Ресейлік СБЕР-мен Қазақстанның цифрлық трансформациясы (соның ішінде eGov порталының жұмысын жақсарту) туралы келісімге қол қою мәселесі бұдан былай цифрлық даму министрлігінің күн тәртібінде емес.

Бұл туралы vlast.kz сайтына сүйеніп kaz.orda.kz хабарлады.

«Бүгінгі күні келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ» деді цифрлық даму министрлігі 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін келісімге қол қою туралы сұраққа.

 

«Әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты министрлік бірнеше сценарийлерді әзірлеуді қарастырып жатыр және олардың әрқайсысына дайындалуда» делінген министрліктің жауабында.

Бұл ретте қандай сценарийлерді қарастыратыны және цифрлық трансформацияда кімдердің Қазақстан серіктесі бола алатыны көрсетілмеген.

Өткен жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан үкіметі екі ел президенттерінің қатысуымен ресейлік СБЕР тобымен цифрлық үкімет платформасын құру бойынша жұмыс туралы меморандумға қол қойды.

Көптеген қазақстандық мамандар мен қолданушылар дайындығы хабарланбаған меморандумға қол қойғаннан кейін оны сынға алып, қазақстандықтар деректерінің қауіпсіздігіне күмән келтіріп, цифрлық платформа құру бойынша серіктес таңдағанына таң қалды.

Көп ұзамай цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин серіктес ретінде СБЕР-ді таңдауын компанияның бастапқы кодтарды беруге келіскендігімен түсіндірді. Сондай-ақ, деректер базалары Қазақстан және ресейлік мамандардың аумағында орналасатынын мәлімдеді.

Платформаны құру бойынша жұмыс бірнеше жылға созылады. Жұмысты бастау туралы келісімге 2022 жылдың басында қол қойылады деп болжанған.

Ақпан айында Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін банк Еуропадағы жұмысын тоқтатқан. Бірақ бірнеше елде, соның ішінде Қазақстанда санкциялар салынған Сбербанк жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.