Құмар Ақсақаловтың әпкесі күдікке ілінді
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің лауазымды тұлғаларына ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі «Қаржыны ысырап ету немесе жымқыру» бойынша айып тағылуда, деп хабарлайды kaz.orda.kz.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді. Университет ректоры Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың әпкесі Алма Досжанова. Бұл деректі Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды ТобылИнфо.
Басылымның хабарлауынша, іс «Қызметтік бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру» бабы бойынша тіркелген.
«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Егер тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін».
Бұл туралы басылымның сауалына берген ресми жауабында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Юсупов айтқан.
Алма Досжанова 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде ректордың міндетін атқарушы болып қызмет істеген.