«Бақытты болсын!»: Желіде 60 жаста ұзатылған апаның ВИДЕОСЫ тарады

0 3 126

Әлеуметтік желіде ұзатылып бара жатқан 60 жастағы апаның түсірілген бейнежазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбада егде жасқа келген апа ұзатылу рәсімі кезінде жас қыздарша сәукеле мен ұлттық киімін киіп, сыңсу әнімен ұзатылып жатқанын көруге болады.
Апаны жар еткен ер кісі де онымен қатарлас екені байқалады.
Ерекше өткен ұзату тойына желі қолданушылары түрлі пікір жазып, тілектерін айтты.

«Тіпті ерсі!», «Ең болмағанда қартайғанда шүйіркелесіп шай ішеді гой», «Бақытты болсын!», «Сәукелесі әдемі екен», «Ұят сияқты».

Leave A Reply

Your email address will not be published.