Президент Наурыз мейрамын тойлау үшін Алматыға келді

0 363

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын тойлау үшін Алматыға келді. Ол «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

 Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, мен бүгін Ұлыстың ұлы күнін өздеріңізбен қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын

«Бұл ежелден жақсылық пен жасампыздықты дәріптейтін ұлық мереке. Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын ән Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше ерекше мән берген. Жыл басын ұлыстың ұлы күні деп ардақтаған. Әз Наурыз береке-бірліктің, шынайы жаңашылдықтың, өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыстың ұлы күнін өздеріңізбен қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын.

Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы – қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауымның, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған», деді Президент өз сөзінде.

Тоқаев сондай-ақ ғылым, білім, спорт нысандарын араламақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.