Назарбаевтың қарындасының компаниясына тықыр таянды
Алматы облысында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесі компаниялар тексеріліп жатыр
Бұл туралы журналист Михаил Казачковтың Telegram-арнасына сүйеніп kaz.orda.kz хабарлады
«Алматы облысында бір аптадан бері ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Олар Қытаймен шекарада бизнес жүргізетін және Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компаниялардың қызметін тексеріп жатыр» делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігі астанасы Әбу-Дабиге ұшып кеткені туралы ақпарат шықты.