Т.Рысқұлов ауданында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры сақталған
ЖУЫРДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛІБЕК ТЕРЛІКБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ПАЗЫЛ СҮЛЕЙМЕНОВ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ЕРБОЛ ӘБУТӘЛІПОВ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА АРНАЙЫ БАРЫП, ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫНЫСТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ. НЫСАНДЫ АРАЛАУ БАРЫСЫНДА АУДАН БАСШЫЛАРЫ АУРУХАНА ҰЖЫМЫНЫҢ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ҚОЛҒА АЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ДА ПЫСЫҚТАП КӨРДІ.
Қазіргі таңда орталық аурухана қажетті керек-жарақтармен және қондырғылармен барынша қамтылған. Қамтылу көрсеткіші 92 %-ды құрайды. Бұл көрсеткіш облыстың өзге аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Атап айтар болсақ, 2020 жылы сатып алынған соңғы үлгідегі германиялық ота жасау және отадан кейінгі жағдайды бақылау құрылғысы мен жылжымалы диагностикалық кешен (автобус) тұрғындарға сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін қондырғылардың істен шығып қалу және жетіспеушілік жағдайы мүлдем тіркелмеген. Аталмыш мәліметтің барлығын аудан басшыларына орталық аурухананың бас дәрігері Шындос Мырзалиев мәлімдеді. Сондайақ, ауданның бас дәрігері қоймада сақтаулы тұрған, тұрғындарға тегін таратылатын 44 түрлі және коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын дәрі- д ә р м е к т е р д і ң т ү р ле р і м ен таныстырды. Айта кету керек, дәл қазіргі таңда аурухана қоймасында аты аталған дәрілердің екі айлық қоры сақталған. Аурухананы аралау барысында бірнеше басты мәселелер де қозғалды. Солардың бірі – аурухана ғимаратын толықтай күрделі жөндеуден өткізу. Ақ халаттылардың айтуы бойынша бұл мәселе облыстық тиісті сала басшыларының қарауына енгізіліп қойылыпты. Дәл қазіргі таңда жобалықсметалық құжат дайындау мәселесі қаралуда. Сонымен қатар, өңірлердегі эпидахуалдың тұрақсыздығына байланысты карантиндік сақтық шараларын күшейту мәселесі де қозғалды. Осыған орай аудан басшылары тарапынан бас дәрігер мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берілді. Олардың ең бастысы – көпшілік жиын-тойларды ұйымдастырмау немесе қатысудан шектелу, одан бөлек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Аудан басшылары ем қабылдаушылармен және келушілермен де жеке-жеке тілдесті. Сұхбаттасу барысында аурухана қызметінің сапасына қа т ы с т ы сыни пікірлер айтылған жоқ.