Су қоймалардағы судың көлемін 80 пайызға жеткізу жоспарлануда

0 212

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің теңгеріміндегі 105 су қоймалардың жалпы жобалық сыйымдылығы 132,45 млн. м3 құрап отыр.

Бүгінгі таңда, 105 су қойманың 35-і егін шаруашылығына пайдаланылса, 27–сі балық және егін шаруашылығына, 14-і балық шаруашылығына, 23-і өзектерді сумен қамтамасыз етуге, 1-і экологиялық мақсатқа пайдаланылуда (Бөлекқызыл су қоймасы, Талас ауданы).

2021 жылы бұл су қоймаларға нақты 116,0 млн. м3 су жиналып (88 пайыз), барлығы 8 278,8 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сумен қамтамасыз етілген болатын(оның ішінде, таза егістік алқабы 3500 га, жайлымдар мен көп жылдық шөптер 4778,8 га).

Қазіргі уақытта су қоймаларда су толтыру жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылдың 21 ақпандағы жағдайы бойынша аудандарда орналасқан су қоймалардағы судың жиналу көлемі орта есеппен 39,34%-ды құрап,51,24 млн. мсу жиналды.

Алайда, былтырғы жылмен салыстырғанда су көлемі 25 %-ға төмен болып тұр.

Себебі, былтырғы жылға қарағанда «Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша жауын-шашын 32 %-ға аз болуда және бұл жағдайға облыстағы каналдардың жөндеу жұмыстарына әсерін тигізуде.

Атап айтқанда, Байзақ ауданындаорналасқан «Қазсушар»РМК Жамбыл филиалына қарасты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Белқожа»(қажеттілігі 1 м3/сек),«Сағындық»(0,6 м3/сек) каналдары арқылы каскадты орналасқан «Райымбек», «Ынтымақ», «Сасықбай», «Көшеней», «Тастан», «Дәуітбай», «Тегістік» су қоймаларына, сондай-ақ, «Сеңкібай»  каналы арқылы  каскадты орналасқан «Богара-1», «Богара-2», «Шәлке», «Крепость» су қоймаларына су жинап алу мәселесі қиындауда. Бүгінгі таңға каналдармен су келіп жатқан жоқ .

Сонымен қатар, Жамбыл ауданында орналасқан «Жаманкөл», «Сұлукөл» су қоймаларына келіп құятын «Қазсушар» мекемесіне қарасты негізгі каналғада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде айналма «Қуат», «Жамбыл» каналдары арқылы Аса өзенінен аз мөлшерде су тасталынуда (700 л/сек, қажеттілігі 1,5 м3/сек).

Талас ауданында Талас өзені бойында орналасқан «Қазақбай», «Ойық», «Жәдік», «Юбилейное», «Бөлекқызыл»су қоймаларынада кезекпен аз мөлшерде су жиналуда (500 л/сек, қажеттілігі 2 м3/сек).

Бүгінгі таңға, жоғарыда аталған аудандарындағысу қоймаларында 10-20 % су ғана бар.

Алайда, суармалы маусым кезеңіне (вегетация) судың жиналуын 80 %-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы соңғы жылдары аймақта су тапшылығы қатты сезілуде. Бұл біздің өңірдің су қорының 80 пайызға жуық көршілес Қырғыз Республикасына тәуелді.

Сондықтан, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша былтырғы жылы облысымыздағы ішкі резервтегі су көздерін толық пайдалану үшін 2021-2022 жылдарға арналған Жамбыл облысының су қоймалары мен тоғандарды қалпына келтіру және жаңадан соғу бойынша іс-шара жоспары қабылданған болатын.

Осы іс-шара жоспарына сәйкес,облыс аумағында қалпына келтірілетін 10 су қоймалары мен бөгеттері және жаңадан салынатын 8 су қоймалар анықталған. Бүгінгі таңға:

Біріншіден, қалпына келтірілетін 10 су қойманың ішінде 6 су қойма қабылданды (Жамбыл (1), Талас (1), Жуалы (2) және Сарысу (2) аудандары). Аталған су қоймалар мен бөгеттерді іске қайта қосу жұмыстарын ағымдағы жылдың аяғына дейін іске асырылады.

Бүгінгі күнге Жамбыл ауданындағы «Бөгет 7» су қоймасының қалпына келтіру жұмыстары аяқталып су жинау жұмыстары жүргізілуде.

Екіншіден, жаңадан соғылатын 8 су қоймаларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына 24,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 10 наурызында мердігер анықталып, жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы, бұл су қоймалары қалпына келтірілген және соғылған жағдайда болжаммен облыс көлемінде қосымша 10,65 млн.м3 су жиналып (судың көлемі ғылымыи-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша нақтыланады), 2 411 га суармалы жер алқабы айналымға қайта қосылады.

 

Нағима Темірбекова,

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.