Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстан өзінің ресми ұстанымын білдірді
Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді.
Біз Луганск және Донецк аймақтарын республика ретінде мойындауды қарастырып отырған жоқпыз. Біз тек БҰҰ мойындаған мемлекеттерді ғана дербес ел ретінде танимыз. Әлбетте бұл жағдай теңгеге әсер етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осыған қатысты тиісті тапсырмалар берілді, – деді Әшімбаев.