«Ресей әскеріне Беларусь қарулы күштері көмекке келуде»
Бейсенбі 24 ақпан күні сағат таңғы 05:00 шамасында Украинаның Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен жақын аудандағы мемлекеттік шекарасына ресейлік әскерилердің шабуылына Беларусь әскерлері қолдау көрсеткен. Бұл туралы Украинаның шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметке сүйенсек, шекара бөлімшелеріне, шекаралық техника мен бақылау бекеттеріне шабуыл артиллерия, ауыр техника және атыс қаруын қолдану арқылы жүзеге асырылған.
Бұл Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстарында болып жатқан жағдай. Сонымен қатар шабуыл Қырым ТОТ АР-да да болып жатыр.
Сондай-ақ қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының жұмысы бекітілген.
Украина тарапы шекаралас аймақтардағы жағдайға байланысты шекарашылар Украина қарулы күштері мен Украина ұттық гвардиясымен бірлесе отырып, жауға қарсы оқ жаудырып жатқанын жеткізді.
Шекарашылардың жарақат алғаны туралы ақпарат әлі де нақтылануда.
Украинада не болып жатыр?
Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.
«Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым», – деген ол.
Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.
Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді.
Ресей сыртқы істер министрлігі Украинаның әскери инфрақұрылымын, соның ішінде әскери аэродромдарын жарамсыз еткенін жариялады.