«Көрмегенді көрсетеміз»: Путин үш шарт қойды

0 1 911

Бүгін Донбасс қаласында әскери операция жүргізуді бұйырған Ресей президенті Владимир Путин аталған қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын талап етті деп хабарлады turkystan.kz.

Еске салайық, бұған дейін Ресей Украинаның шығысындағы тәуелсіз ел ретінде мойындалмаған Донецк пен Луганск республикаларының тәуелсіздігін «жариялаған» болатын. Артынша АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге жаңа санкциялар салғанын хабарлады.

«Бұл жағдайға сырттан араласқандарға Ресейдің беретін жауабы лезде болады. Ал ол жауаптың салдары өте ауыр болады, тарихта бұрын-соңды көрмегенді көрсетеміз. Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Қажетті шешімнің бәрі қабылданды», – деді Владимир Путин бүгінгі үндеуінде.

Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін Киев орындауы тиіс шарттарды атады.

– Біріншіден, Севастополь мен Қырымда тұратын халықтың ерік-жігерін мойындау керек. Бұл Косоводағы оқиғадан қаншалықты жаман? Тағы бір атап өткім келетіні: ешкім халықты мылтық тақап сайлау учаскелеріне әкелген жоқ. Олар өз еркімен келді. Ресеймен қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл демократияның ең жоғарғы түрі – референдум, – деді Путин.

 

Владимир Путин Украинаның НАТО құрамына кіруге қарсы екенін жеткізді. Айтуынша, бұл әрекет Ресейге қауіп төндіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.