«Оншақты күшті жарылыс болды, терезелер дірілдеді». Киевтегі жағдай ушығып барады
Orda.kz тілшісіне Киевтегі жағдай туралы хабарланды.
«Қазір таңғы 5:00-ден бастап жақын маңда оншақты күшті жарылыс болды. Біз оның не екенін, қайда екенін білмейміз. Бүкіл сол жағалау оянды. Терезелер дірілдеп, көліктердің дабылдары ойнап кетті. Төтенше жағдай енгізілді» дейді Киев тұрғыны.
Сонымен қатар ол әуежайлардың жабық екенін жеткізді. Жарылыстар Одесса мен Харьковта да естілген. Жарылыстардың қайдан шыққаны әзірге айтылмағаны мәлім болды.
Қазіргі уақытта Борисполь әуежайы аймағында жарылыс пен атыс болып жатыр.