Жүргізуші, таза ауаны ластамаңыз!
2021 жылдың 24 наурызы — 1 сәуірі аралығында Тараз қаласы полиция басқармасымен қала көлемінде «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Рейдтік жұмыстар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінінің 334-бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы анықталған жағдайда аталған Кодекстің талаптарына сәйкес хаттама толтырылады. Жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.