Болат Әбілов Заманбектің қазасы, Қажыгелдин мен Әблязов туралы біраз шындықтың бетін ашты

0 714

Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, 1990 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған Болат Әбілов саясатқа оралуы туралы айтты.

Әбілов ағайынды Нығматуллиндермен болған жанжалды видеоның жай-жапсарын ашып, өзін неліктен «Сара Назарбаеваның жиені» деп санайтынын және Butya Capital купондары туралы айтты.

Сұхбат барысында шетелдегі Әкежан Қажыгелдин мен Мұхтар Әблязовтың елге оралуы туралы айтылды.

– Олар елге міндетті түрде оралуы керек. Әрине, Мұхтарға қиындау болады, бірақ Қажыгелдинге кім кедергі? Шетелде отыруын жалғастыра ма, әлде елге орала ма, өздері біледі. Бәрінің мүмкіндігі бар. Оппозициялық бағыттағы немесе қоғам қайраткерлерінің көп болуы елге пайда әкеледі. Өкінішке орай, Назарбаев режимі ондай адамдардың жолын кесті, – деді ол.

Сондай-ақ, Болат Әбілов Заманбек Нұрқаділовтің қазасына байланысты деректермен бөлісті.

 

Рахат Әлиев Нұрқаділовті өлтіруге тапсырыс берді дегенге сенбеймін. Ол бұны істей алмайтын еді. 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды деді. Үйінің маңында журналистер болды. Қалалық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары болған Бугаевтен үйге кіргізуді сұрадым. Заманбек пен Мақпалды жақсы танитынымды айтып, көңіл айтпақшы болдым. Олар маған «Мақпал мас, ештеңе түсініп отырған жоқ, сол кінәлі» деді. Сол кезде олар болған оқиғаға Мақпалды кінәлі етпек болғанын түсіндік. Көңіл айтуға барғанда «Мақпал, саған айып таққысы келеді» дедім. Ол не үшін екенін сұрап, таңқалды. Адвокат керек екенін айттым. Оқиға орнында екі жерден тесілген жастық болды. Оқтың даусы естілмеу үшін жастық арқылы өзіне атқан деді. Адамдар Заманбек секілді белгілі адамдарды өлтіріп жатқанда, қарапайым жұртқа не істейді деп ойлайды. Бұл президенттік сайлауға үш апта қалған кезде болған оқиға еді, – деп еске алды Әбілов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.