Спорт саласының қызметкерлері бас қосты

0 328

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылармен, спорт ардагерлерімен, спорт саласы қызметкерлері арасында мотивациялық семинар – кеңес өткізілді. Кездесу барысында сөз сөйлегендер Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Н.Жолдасбеков, Сарысу ауданның спорт ардагерлері Жетписбаев Баянбек,Утешов Дулат,Тұрмаганбетов Нұрлан, Жаңатас қаласындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Ниязов қатысты. Кездесудің мақсаты «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Этносаралық татулық пен келісімді қорғауды, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу және спорттық жарыстар және іс-шаралар өткізу арқылы спортқа деген қызығушылықтарын арттыру екендігін баяндап кетті. Кездесу аяғында сұрақ – жауап болып, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берілді. Кездесуге санитариялық талаптарды сақтап, қатысқан адам саны – 40.

Leave A Reply

Your email address will not be published.