«Нұр Отанның» депутаты халықты үкіметке қарсы қойып арандатқан — полиция бастығы
Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының өңір әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға шағымы жазылған хат әлеуметтік желіде тарады.
Департамент бастығы Бектөре Сұлтан хатында Nur Otan партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Аида Әбибуллаеваны халықты үкіметке қарсы қойды деп айыптаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Хатта халық қалаулысы арандатушылық пікірін әлеуметтік желіге жариялады деп жазылған. Яғни, Қызылордада 4-5 қаңтар күні болған митингке депутат үгіт жасап және халықты шеруге шақырды делінген. Сонымен қатар, депутаттың парақшасындағы жазбаны азғындық пікірімен теріс қылық танытқан деп бағалаған.
Осыған байланысты, өзіңіздің тарапыңыздан осы адамдарды заң шеңберінде қатаң жазаға тартуыңызды сұраймын.

Бұл жайында Экспресс К тілшісі депутаттың өзіне хабарласып көрді. Аида Әбибуллаева қазіргі кезде тараған хатқа байланысты полиция департаменті басшысының үстінен сотқа шағымданып жатқанын айтты. Оның айтуынша, 4-қаңтар күні ешкімді арандататын жазба жарияламаған. Тек елдің мәселесін айттым, ол менің депутаттық міндетім деп отыр.
Бұл хаттың рас-өтірігін өзім де білмей отырмын. Мен жеке парақшамда халықтың мәселесін жаздым. Ол менің міндетім. Департамент басшысы жазбамнан заңсыздық тапса, неге әкімге шағымданбай-ақ өзі жауапқа тартпаған?
