Президент әкімшілігі жаңа басшысының артында кім тұр?

0 810

Президенті әкімшілігінің жаңа басшысы Мұрат Нұртілеу Қазақстанның тұңғыш ақпарат министрі Қуаныш Сұлтановтың немере інісі болып шықты.

«Төмендегі суретте Мұрат Нұртілеу және тағы бірнеше адам бейнеленген. Анасының жанында жасы үлкен азамат – мемлекет және саяси қайраткер, сенатор Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтановты бірден байқадыңыз деп ойлаймын. Ол өмірінің бір бөлігін сыртқы істер министрлігі жүйесінде өткізді. Тіпті Қазақстанның Қытайдағы, Солтүстік Кореядағы және Вьетнамдағы елшісі болды. Байланысты сезіндіңіз, солай ма? Сыртқы істер министрлігі, дипломаттар, Сенат… Женевада да араласқанына сенімдімін. Ал, Мұрат Нұртілеу деген кім? Менің ойымша, бұл оның немере інісі» деп жазды белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков Facebook парақшасында.

Сұлтанов парламент мәжілісінде де, сенатта да бірнеше шақырылымның депутаты болды. Қазақстанның Қытайдағы елшісі қызметін атқарды. Вице-премьер болды. Қазақстан тәуелсіздігінің таңы атқан шағында ол бірінші баспасөз және ақпарат министрі болып қызмет атқарды.

Еске салсақ, Мұрат Нұртілеу 1 ақпанда президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Оған дейін, 5 қаңтардан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпанынан бастап президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған. 2019 жылдың наурыз айынан бастап ол президенттің көмекшісі болды.

1 ақпан күні Нұртілеуге дейін президент әкімшілігінің басшысы болған Ерлан Қошанов қызметінен босатылып, Мәжіліс спикері болып сайланған болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.