Марғұлан Сейсембай Тоқаевты Nur Otan партиясынан шығуға шақырды

0 881

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясы құрамынан шығуға шақырып отыр, деп хабарлайды NEGE.kz 

Алматы. NEGE. «Меніңше, Тоқаевтың кең қоғамдық қолдауы жоқ партия құрамынан шығып, өзін бір ғана партияның мүддесі үшін қызмет ететін төраға емес, бүкіл Қазақстанның Президенті деп жариялағаны дұрыс болар еді. Осылайша, ол ел үшін барлық партиялардың маңызы бірдей екенін білдірер еді», — дейді кәсіпкер.

Оның пікірінше, бұл қоғам үшін қарым-қатынастардың қайта жандануы, саяси жаңғырудың басталуы және Нұр Отан партиясы саяси монополиясының аяқталуының айқын белгісі болар еді. Бұл қоғамдық оптимизмге күшті серпін беріп, жарқын болашаққа деген үміттің артуына себеп болмақ.

«Президент Тоқаев дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін», — деп әлеуметтік желі арқылы пікір білдірді.

Айта кететін жайт, ертең Нұр Отан партиясының ХХI съезі өткізілмек. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі — партия төрағасын қайта сайлау. Кейбір дерек көздерінше, партия төрағасы болып Президент Тоқаев сайлануы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.