Тоқаев жаңа мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық серіктестермен тығыз байланысының маңыздылығын атап өтті.
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді» деп жазды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.