Батыс елдері Украинадағы елшіліктерін эвакуациялайтынын мәлімдеді
Ұлыбритания, Австралия және Германия Ресеймен шекарадағы әскери шиеленістің күшеюіне байланысты Украинадағы дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлерін эвакуациялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Шешім АҚШ-тың америкалық дипломаттардың отбасыларын эвакуациялауды бастау туралы үндеуінен кейін қабылданды. Мемлекеттік департамент болжамды шабуылға байланысты азаматтардың қауіпсіздік жағдайына шұғыл шаралар әзірлеуге кірісіп кетті және американдықтарға Ресей мен Украинаға бармауға кеңес берді.
Артынша Вашингтонның әрекетін Берлин, Лондон және Канберрада қолдады. Батыс елдерінің сыртқы істер министрліктері азаматтарға ескерту жасап, ең жақын рейстермен Украина аумағынан дереу кетуге кеңес берді. Киев пен Донбасстағы жағдайды бақылауды жалғастыру туралы шешім қабылданғандықтан Австрия сыртқы істер министрлігі эвакуация жоспарының орындалуын кейінге қалдырды.
Батыстық әріптестерінен кейін Жапония сыртқы істер министрлігі де алаңдаушылық білдірді. Жапон үкіметі Ресей-Украина шекарасындағы жағдайдың тез өзгергенін атап өтіп, ел азаматтарын эвакуациялау қажеттілігін зерттеуге кірісті. Билік өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді.
Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ-тың Украинадағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялау шешімін оғаш және ақылға қонымсыз деп бағалады. Оның айтуынша, мемлекеттік департамент бұл қадамға алдын ала дайындалған.
“Барлығы Женевадағы келіссөздерге дайындалып жатқанда, американдық тарап ресейлік тараптың жалған ақпараты туралы “украиналық файлдарды” дайындап жатты”, — деді Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова,
Мемлекеттік Думаның депутаты Дмитрий Новиков Lenta.ru сайтына берген сұхбатында америкалық дипломаттардың Украинадан эвакуациялануы Украина билігінің Донецк пен Луганскіге қарсы агрессивті жоспарларын қолдау туралы НАТО мен Киев арасындағы келісімнің нәтижесі екеніне айтты.
“Белгілі бір елдің азаматтары жау шапқысы келетінінің нақты дәлелдерін көруі керек. Ал бұл жағдайда эвакуацияның көмегімен мемлекеттік департамент Ресейдің Украина аумағына әскерін жібермекші екендігі туралы ақпараттың бар екенін растайды”, — деді мемлекеттік Думаның депутаты Дмитрий Новиков
Киев АҚШ-тың әрекеті мерзімінен бұрын деп атады. Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенконың айтуынша, америкалық тараптың мұндай қадамы «шамадан тыс сақтық танытуы». Ол соңғы кездері Украина қауіпсіздігіне байланысты түбегейлі өзгерістер болмағанын атап өтті.