Психологтарды кәсіби мерекесімен құттықтады
25 желтоқсан — Қазақстан Республикасындағы психологтар күні! Кәсіби мереке қарсаңында аймақтық ҚАЖ департаментінің басшылығы жан тыныштығын қалпына келтіріп, оң нәтижеге жетелейтін жандарға құрмет көрсетті.
Шаһардағы «Достық» үйінде өткен іс-шараны департаменттің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімінің бас маманы әділет майоры Айгүл Танашева ұйымдастырған. Басқосуға өңірдегі түзеу мекемелері басшыларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен психологтары арнайы қатысты. Кездесуде департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Бекболат Ескеев ғажайып мамандық иелерін құттықтады.
— ҚАЖ саласында қызмет ететін барлық психологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Арнайы контингентпен жұмыс істеу, тіл табысу айтуға ғана оңай. Соған қарамастан, Сіздер лайықты деңгейде қызмет етіп жүрсіздер. Сіздер нағыз ғажайып іскерсіздер, өзгелердің бойында сенімділік ұялатасыздар. Осыған қарамастан сіздердің күш-қуаттарыңыз ешқашан сарқылмасын және ішкі әлемдеріңіз әрқашан үйлесімді болсын!, — деді Бекболат Бөгембайұлы.
Айта кетейік, бұл күні түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін психологтар облыстық ҚАЖ департаменті басшылығы тарапынан марапатқа ие болды.
ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі