Шу ауданындағы COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қалыпты
Шу ауданында коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы — 120 төсек қоры жасақталған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Covid-19–бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 20 инфекциялық, оның ішінде 2 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.
Аудан бойынша 11 мобильді бригада атқаруда. Автокөлікпен толық қамтылған.
Ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап ерікті түрде COVID-19 инфекциясына қарсы екпемен қамту басталды. Аудан бойынша 18 жастан жоғары 53 633 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған, қазіргі таңда 77,4% немесе 41 505 тұрғын екпемен қамтылған.
Ауданда жалпы 422 кәсіпкерлік, 176 әлеуметтік нысан және халық көп шоғырланатын 6 нысан бар. Бүгінгі күнге 337 нысан «Ашық» бағдарламасына іске қосылған.
Ауданда арнайы құрылған 5 мониторинг топпен биылғы жылдың 1 қаңтар – 10 қараша аралығында 290 рейд ұйымдастырылды, 1278 нысан тексеріліп, 102 заң бұзушылық анықталды.