«Бұл — менің әкем»: Танымал блогер марқұм әкесі салынған табытпен суретке түсемін деп бәлеге қалды
АҚШ-та өзінің сән және саяхат туралы жазбаларымен танымал фитнес-блогер Джейн Ривера көз жұмған әкесінің ашық күйінде жатқан табытының жанында суретке түсемін деп қатаң сынның астында қалды. Ол фотоларын Instagram мен TikTok желісіне салған.
Ривера кем дегенде сегіз фотосуретті әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырған. Онда бойжеткеннің ашық киіммен біресе жымиып, біресе майысып, біресе көзін жұмып түрлі кейіпте суретке түскенін көруге болады.
Осы фотосессияға дейін блогердің өмірін Instagram желісінде жүздеген мың адам бақылайтын. Ал TikTok желісінде 300 мыңнан астам жазылушысы болған. Тіпті, оның бір ролигі 11 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.
Табыттың жанындағы фотосессия блогерге күтпеген жерден үлкен жағымсыздық тудырған. Жазылушылары оның аккаунтынан жаппай бас тартып, негатив пікірлер қалдырды. Оның ішінде қызға соңғы «аза тұту фотосессиясы» екенін айтушылар да болған.
“Бұл Instagram-дағы ең сұмдық пост”, Фотоны өшіріп, кешірім сұра”, “Фотосуреттер – сен туралы білуіміз керек барлық нәрсе екенін көрсетті. Болды, парақшаңнан шығамын”, – деді жазылушылары.
Ойланбай іс қылған блогердің қанша жазылушысын жоғалтқаны белгісіз. Сынның астында қалған ол өзінің барлық желідегі парақшаларын жауып тастаған.