«Жан жылуы» сыйлаған жылулық

0 904

Қайырымдылық жасау – әр азаматтың парызы. Әркез жомарт, мейірімді, кеңпейіл жандардың арқасында қазақтың жоқ-жітігі бүтінделіп отырған. Бұл дәстүр – ата-бабадан бері жалғасып келе жатқан ізгі іс.
Табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жетілдіріп, дамытып, осындай ізгі іс істеп отыруымыз қажет.

Жуырда Т. Рысқұлов ауданында тағы да қуантарлық жағдай болды. Мамайқайыңды ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Мәриямға «Жан жылуы» қайырымдылық қорының жетекшісі Жәнібек Жүсіпов баспананың кілтін табыс етті. Бұл «Жан жылуы» қайырымдылық қорының мұқтаж жандарға беріп отырған 6-шы үйі. Баспананың кілтін тапсыру салтанатында Жәнібекке ауыл ақсақалдары, ақ жаулықты аналар, қайырымдылық қорының мүшелері өздерінің алғыстарын жеткізді. Мәриям апайдың баспаналы болуына көрсеткен көмегі үшін қайырымды үлкен жүректі, жомарт жан Әріпұлы Мәкенді айтып кетейік. Бұл кісі Луговой ауылында өскен, қазір Алматы қаласының тұрғыны, кәсіпкер. Мәкен баспанаға 1,900,000 мың теңге ақша аударды. Сондай-ақ, Құлан ауылының тұрғыны, кәсіпкер Туралиева Әселді ерекше айтуға болады.

Лайым, елімізде осындай атымтай жомарт жандар көбейе берсін. Жастары­мыз осындай жандарға қарап бой түзейді. «Жан-жылуы» қайы­рымдылық қорының жетекшісі Жәнібек Жүсіповтың ізгі істері оның үлкен жүректі азамат екенін, оның иман­дылығы мен қайырымдылығын, мейірімділігін көрсетті.

Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Алла тағала адамзат баласына он екі мүшесін сау қылып берсе, енді біреулерін жарым-жанды қылып сынайды. Ақыл есі бүтін жұмыр басты пенде жалған дүниеде Алланың бергені нығметіне шүкір ете отырып, ізгілікке, жетімнің басын сипауға, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға ұмтылуы тиіс. Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.