Экологияны сақтау – маңызды мәселе

0 207

Еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керектігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты былтырғы Жолдауында нақты атап көрсетілді. Әлгі жеті қағидаттың бірі – «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау. ҚР Президенті аталған Жолдаудағы «Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау» атты VII бөлігінде: «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды. Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Парламенттің бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауын сұраймын.

Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларды бекіткен жөн.

Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді…

Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн. Ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз, – деген болатын.

Жолдау жүктеген міндетті жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 8-10 қазан аралығында Т.Рысқұлов ауданындағы «Тауқымыз» емдеу-сауықтыру орталығында «Birgemiz:Taza-Álem» республикалық эко-лагері өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауды үйрету бойынша «BIRGEMIZ: TAZA ÁLEM» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру» грантының аясында ұйымдастырылуда. «Birgemiz:Taza-Álem» республикалық эко-лагерінің мақсаты – өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жастардың назарын қоқыс(ластау) мәселесіне аудару және мәселені шешуге жұмылдыру, білім беру, ортақ оймен бөлісу және пікір алмасу алаңын қалыптастыру және қатысушылардың мүмкіндігі мен талантын қоғамға үлгі ету. Олардың жобаларын, ойларын жүзеге асыратын қолайлы орта құру.

 Эко-лагерге 14 пен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ден астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.

 Аталған іс-шара аясында «Не? Қайда? Қашан?» экологиялық турнирі, «Жаяу жүру туризмінің әдіс-тәсілдері» шеберлік сыныбы, Экофестиваль, емдеу-сауықтыру орталығында тал отырғызу, «Тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа өмір сыйла» байқауы, экологиялық тренингтер және Тараз қаласының көрнекті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.