Инвестициялық жоба – ел игілігі

0 194

Ақшаны белгілі бір мақсатқа жұмсау арқылы, кеткен шығынды еселеп қайтару мен мол табысқа кенелудің жолы – инвестициялық жобаларды жзеге асыру. Таяау жылдарда Жамбыл ауданында аудан экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеру мақсатында 8 жоба жүзеге асырлмақ. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда 300 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, 2020-2024 жылдары аралығында өңірде көлемі 35 ммиллиард теңгегені құрайтын 8 жоба жүргізіліп, алдағы уақытта жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланыпты. Аталған жобалардың бірі – «Жамбыл Ет МS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Полатқосшы ауылдық округі аумағынан 1 мың 500 бас ірі қара малын бордақылау алаңын салуға 1,5 миллиард теңге бөлуі. Сол секілді Аса ауылдық округі аумағынан «Алель Агро» ЖШС жылына 2,5 мың тонна сапалы құс етін өндіретін фабриканың құрылысына 2,5 миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр.

Ауданда 4 мың 500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Бүгінде бизнес субъектілері аясында 7 мың 100 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, соңғы үш жылда 78 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. «Аса Агро» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасының іске қосу үшін 8 миллиард теңге жұмсамақшы. Ол жоба іске асқанда күніне 2 тонна 700 келі, жылына 21 мың тонна бройлер етін тұтынушыларға жол тартады.

Айшабиби ауылдық округі аумағынан «Родина» ЖШС 300 гектарға 150 МВТ күн сәулелі электр станциясын салмақшы. Ол үшін аталған серіктестік 16,8 миллиард теңге бөлді. Ақбастау ауылдық округінен «КазФос»ЖШС жылына 8 мың тонна натрий гексаметофосфотын өндіретін желінің ауқымын кеңейту үшін 2 миллиард теңге қаражат қарастыруда. «АCA DAMU» ЖШС құс фабрикасының 4 корпусына 200 миллион теңге бөліп, қараша айында іске қосауды көдеп отыр. Қаракемер ауылына «Данвер-Т» ЖШС 120 гектарға жылыжай кешенінің құрылысын салуға 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырды. Ал «Супер Фарм» ЖШС екпеге арналған шприцтер шығаратын зауыттың үшінші корпусының құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсап, тиісті жұмыстар қазір аяқталды, – дейді Сәкен Қаланұлы.

Аталған инвестициялық жобалардың елге берер игілігі мол екені Белгілі. Өйткені қазір ішкі және сыртқы нарықта малдың да, құстың да етіне сұраныс жоғары. Ал оны тұтынуға келгенде облыстың ішкі нарығы сурттан келетін мал және құс етіне тәуелді болып отырғаны ақыиқат. Ал нарықтан шетел тауарларын ығыстыру үшін осындай өміршең жобалардың жүзеге көптеп асуы аса маңызды. Міне, Жамбыл ауданы осы мақсат-мүддені негізге алып жұмыс жасап отырғанын айта кетуіміз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.