Жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде

0 171

Осы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 миллионға дейінгі қайтарымсыз грантқа аудандық жастар тарапынан 5 өтініш түсті. Аталған грант бойынша қолға алынатын жобалар жыл аяғына дейін жүзеге асырылады деп күтілуде. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» мақсатында осы жылдың мамыр айынан бастап 19 жас қысқа мерзімді оқуға жіберілді. 75 жас қайтарымсыз 583 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 34 жас уақытша жұмысқа тартылды.

Бүгінгі таңда ауданда спортпен шұғылданатын жастар саны – 4 мың 826-ыны құрап отыр. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 3 «Коворкинг» орталығы 21 цифрландырылған орталық, 26 кітапхана, 2 мәдениет үйі мен 2 аула клубы жұмыс істеп тұр.

Аудандағы спорттық нысандар саны 184 болса, спорт кешені – 2, бокс мектебі – 1, спорт алаңы -1, спорттық алаңшалар саны – 21. Жыл соңына дейін тағы 15 алаңша орнатылады деп жоспарланып отыр. Ауданда 5 «street workout» болса, оған қоса жыл аяғына дейін 21-і салынбақ. Сондай-ақ 1 тренажерлық құрылғылар бар болса, жыл соңына дейін 6 тренажерлық құрылғылар орнатылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытқа 171 жас, тағы 363 жас уақытша жұмыспен қамтылған, 75 жас қайтарымсыз гранттарға ие болыпты. Жалпы жұмыссыз болып тіркелген жастар саны 291 екен. Жұмыссыз жастарды жұмысқа орналасу үшін, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында биылғы жылы 20-ға жуық онлайн кеңес беру жүргізілсе, 34 адрестік жұмыстар  жүргізіліп, нәтижесінде 33 жас уақытша жұмыспен қамтылыпты.

Сонымен қатар арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жастарды кең көлемде қатыстыру жүргізіліп, педагогтық, медициналық, тау кен өңдеу мамандықтары секілді арнайы сала мамандары жұмысқа жолданыпты.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында жыл басынан бері 11 бағыт бойынша 465 іс-шара ұйымдастырылыпты. Ол бойынша 4 мың 800 жас қамтылған екен. «Рухани жаңғыру» аясында 59 іс-шара ұйымдастырылып, 736 жастың ұлтық болмысымызға, адамгершілік қасиеттерді жете түсінуіне мүмкіндік ашылған. Спорттық — 32 іс-шара ұйымдастырылып, 734 жас қамтылыпты. Мәдени-шығармашылық бағытындағы -65 іс-шара 1 мың 251 жасты қамтыған көрінеді. сонымен қатар құқықтық — 59 іс-шара ұйымдастырылып 679 адамды, діни23 іс-шара 340 өренді, психологиялық-танымдық 39 іс-шара 399 жасты қамтыған. Жастарға кеңес беру бағытында 46 іс-шараға 763 жас, экологиялық мәдениет бойынша 35 іс-шара ұйымдастырылып, 539 адам, этносаралық келісім – 16 іс-шара ұйымдастырылып,оған 237 өрен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы 31 іс-шараға 403, әскери-патриоттық – 20 іс-шараға 234 жас қатысыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.