Құнды құжаттың басым бағыттары түсіндірілді

0 169

Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын жариялаған болатын. Мұнда ел дамуының бағыт-бағдары анықталып, келер күнге жоспарлар түзілді.

Сан саланы қамтыған құнды құжатты қоғам да жылы қабылдады. Бұған жер-жерде өткізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру кездесулері дәлел бола алады. Сондай жиынның бірі Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Ержан Әмірхановтың қатысуымен Бірлік, Биназар ауылдық округтерінде өтті.

Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаттары Зарина Құттыбекова мен Гүлжанат Манашева және округтердегі мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аталған жиынның басты мақсаты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын зерделеу және түсіндіру болды.

Бірлік ауылдық округінде өткен жиында алдымен аудандық мәслихаттың депутаты Зарина Өрікқызы баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында Жолдаудағы негізгі бағыттарды атап өтіп, аудандағы ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

– Біздің облыс бойынша 11 ветеринариялық сатанция, 160 ветеринариялық пункттер жұмыс жасайды.Бүгінгі күні ветеринариялық стасаның 9 және ветеринариялық пункттің 103 жеке ғимараттарында отырса, қалған 2 ветстанса, 57 ветпкукт жалдамалы мекемеде отыр.Ауданда 84 ветеринариялық маман қызмет атқарса,ветеринариялық құрал-жабдықтармен көліктермен қаматамасыз етілген деді- Зарина Өрікқызы.

Ал Биназар ауылдық округінде өткен кездесуді округ әкімі Бағдат Наурызбаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірхановқа баяндама жасау үшін сөз берілді. Онда Ержан Әлімханұлы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді және еліміздің дамуының негізгі бағыттары туралы кеңінен баяндап, құнды құжаттан туындайтын міндеттер төңірегінде ой қозғады.

Содан соң аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Манашева сапалы білім беру мен еңбек нарығындағы тиімді экожүйені қалыптастыру бағыттарына тоқталып, Жолдауда жарияланған мемлекет дамуының негізгі бастамаларын өз баяндамасында атап өтті.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары алдағы уақыттарда Президент Жолдауына арналған түсіндіру шаралары жалғасатындығын жеткізді. Тұрғындар да ө кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.