Шу ауданында 100 бүлдіршін жаңа балабақшаның табалдырығын аттады
Шу ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында «Жангүлім» бөбекжай балабақшасының лентасы қиылып, Төле би ауылының 100 бүлдіршін жаңа балабақшаның табалдырығын аттап, қуанышқа кенелді.
Бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан бөбекжай заманауи үлгіде жабдықталған. Бөлмелері кең, жылы әрі жарық. Әр топта 20 бала. Білікті педагогтар балғындарға тағылымды тәліммен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де үйретеді.
Бұл балабақшаның басты ерекшелігі, бал тілді балғындарды қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа, спортқа баулу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау көзделуде. Ал, ата-аналар бұл бөбекжайда білімдар әрі саналы ұрпақ өсіп шығатынына сенімді.
Төле би ауылдық округінің әкімі Азамат Серікұлы және «Нағыз патриоттар» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Ғалия Әділқызы,
— Бала – біздің болашағымыз. Әр бала осы балабақшадан жақсы тәрбие алып, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, отан сүйгіш азамат болуын тілеп, жаңа ашылған балалар бақшасы ұжымының жұмысына сәттілік тіледі