«Қыздың ұяты көзінде, тәрбиесі сөзінде»
«Қаратау» орта мектебінде «Қыздың ұяты көзінде, тәрбиесі сөзінде» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.
Ондағы мақсат нәзік жандарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты қыз болып өсуге баулу.
Қыз баланың тәрбиесі ұлттық болмысымызды көрсетіп, халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты болғаны белгілі. Мектебіміздің мейірбикесі Айгүл Медерханова денсаулық және жеке бас тазалығының ережелері туралы айтып өтті. «Қыз жібек» клубының жетекшісі Ж.Дәуренбекова «Қыз қылығымен көркем» тақырыбында баяндама жасады. Қазақ қызына төрінен орын беріп, оларды алтынның сынығына балап өсірген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Қазіргі заман қыз тәрбиесіне үлкен мән беруді талап етеді.
Мектеп тәлімгері А.Бүрлібаева да осы тақырыпқа байланысты өз ойын ортаға салды.
Ақбаян Бүрлібаева,
Қаратау орта мектебінің тәлімгері.