Мемлекеттік қызметшілермен кездесті
Жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Онғарова және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы М.Мірәлиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында аудан әкімдігі бөлімдері және мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырды.
Шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған батыл тосқауыл қою жайы жан-жақты түсіндірілді.