Тәуелсіз елдің жастары жасық емес

0 153

Қазақ елінің тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отыр. Осы орайда «30 жылда неге жетік, нені бағындырдық?» деген сауал бәрімздің де алдымызда тұрары хақ. Егемен елдің 30 жылдығы шынымен де оңай уақыт емес, тәуелсіздік жылдарындағы және одан бұрынғы қиыншылықтарды, көрген азаптарымызды ұмыттырған да осы мерейлі шақ қой. Бұл қазақ үшін таусылмайтын жыр, түгесілмейтін той іспетті. Бүгін тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және қабілетін асыру маңызында төле би атындағы 8 гимназия мектебінде «Тәуелсіздік жетістіктері» деген тақырыпта оқушыларға ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың қонағы болып келген белгілі журналист Асқарбек Сейілхан балаларға өзінің балалығы туралы әңгімелеп, және тәуелсіздіктің қадір қасиетін білу турасында, ұлтты ұлықтау жастардың қолында екенін ұғындыру мақсатында әңгіме өрбітті. Сөз арасында жастар да өздерінің тәуелсіз елде туғандарына мақтанатынын, еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін марқайып айтатынын аңғартты. Осындай жастары жалынды, үлкендері қарымды мемлекеттің болашағы шынмен жарқын болмақ екеніне кім болса да сенімді болары хақ.

–Мен өзімді осындай елде туғаным үшін бақытты санаймын, бейбіт елдің баласының арманы көп болады. Менің де арманым көп, болашақта осы елдің жақсылығы үшін қолымнан келген барлық жұмысты атқаруға уәде беремін. Біздің президентіміздің еңбегі шынымен де жастар үлгі алатындай іс. Біз ол кісіні құрметтейміз һәм сыйлаймыз. Ол кісі тәуелсіз қазақстанның көркеюуі үшін бар жігер күшін салған ада.,–дейді Төле би атындағы №8гимназия мектебінің 9А снып оқушысы Нұрболат Әлихан.

Жалпы ашық сабақта оқушылар өз еліне деген, Отанына деген сезімдерін, емін-еркін жеткізді. Сонымен қатар олардың жанарында жанған оттан елмен жерге, егемендікке деген махаббаттың жалыны көрініп тұрды. Оқушылар қазіргі 30 жылға дейінгі аралықты, әр он жылдықтан бөліп алып, жеткен жетістіктерді жіліктеп отырып жеткізді.

Біз осы орайда «осындай жастарымыз бар да мәңгілік ел болмауға хақымыз жоқ» деген ойға берілдік. Олардың алдағы өмір жолдарына тек қана сәттілік тіледік. Осындай жастар барда алдағы уақытта қазақтың болашағының жарқын болатынына, мемлекетіміздің гүлденіп көркейе түсетініне, кәміл сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.